«Алматыгороформление» Қазақстан Республикасының және әлемнің басқа елдерінің мемлекеттік рәміздерін пайдалана отырып, өнімнің сериялық өндірісін жүзеге асырады.

Кең өндірістік мүмкіндіктерге ие бола отырып (сублимация, кең форматты толық түсті басып шығару, тампопечать, жібек трафаретпен шығару, полиграфия, компьютерлік кестелеу және т.б.), сіздің тілектеріңізге сәйкес біз қысқа мерзімде ҚР туының бейнесін пайдалана отырып жалаулар, тулар, жалаушалар және түрлі өлшемдегі тутұғырлар, түрлі материалдардан басып шығару және дизайн тәсілдерін, сондай-ақ кәдесый және тігін өнімдерін (белгіше, медаль, вымпел, пакет, сөмке, брелок, футболка, бейсболкалар және т. б.) дайындаймыз. Біздің көрме залында сіз біздің ассортиментімізбен танысып, сатып ала аласыз.

Мемлекеттік рәміздерді өндіруге лицензияға ие бола отырып, біз Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, ҚР қалаларының елтаңбаларын және диаметрі 0,40 м – ден 3,00 м дейін пенополистиролдан түрлі көлемдегі елтаңбаларды және дайындау технологияларын – қолмен кесу, нақыштау, лазерлік нақыштау, фрезерлеу, құю жасаймыз.

Made on
Tilda